• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
4 жылда машина жасау саласына 1 млрд-тан астам  еуро инвестицияланды – Исекешев 10.10.2014

«2010 жыл мен 2014 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 200,8 млрд теңге болатын машина құрастыру саласының 70 жобасы қолға алынды. Осы төрт жылда салаға 1 млрд еуродан астам инвестиция салынды. Нақтырақ айтар болсақ, бәрінен бұрын әлемдік GE, Alstom, Toyota, Simens машина жасау  өнімдерін өндірушілер технологиясы түрінде тартылды», - дейді ведомство басшысы.  

2013 жылы саланың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 48 млрд теңгені құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 3,5 есе артық. 2013 жылдың қорытындысы бойынша машина құрастыру саласы экспорты 1,3 млрд долларды құрады.

Бес жылда сала өнімінің көлемі 2008 жылғы 301,4 млрд теңгеден 2013 жылы 853,9 млрд теңгеге дейін артып, 3 есеге көбейді. 2008-2013 жылдар аралығындағы нақты өсім 175,1 пайызға жетті, деді министр.

«Өндірілетін өнім түрлері де артты. Егер 2008 жылы Қазақстанның машина жасау саласында бар болғаны 3 негізгі бағыт жұмыс істесе, 2012 жылы машина құрастыру саласында 6 бағыт бойынша өнім шығарыла бастады. Олар: автокөлік құралдары, машинаны орнату мен жөндеу, электрлік құрылғылар, электронды және оптикалық өнім өндірістері», - деді Ә.Исекешев.

Сонымен қатар, локомотив, жолаушылар және жүк вагондары, жеңіл және жүк көліктері, арнайы техника, сонымен қатар олардың құрастырушы бөлшектері, мобильді бұрғылау қондырғылары, индустриялды аккумуляторлар өндіру игерілді.

Камила Амирова


Back to the list