09.10.2014
««Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ аз ғана уақытта ҚХР банктері қаражатынан 1,5 млрд доллар алды, оның 1 млрд доллары мақсатты түрде Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мақсатында тартылып отыр. Тағы 500 млн доллары индустрияландыру бағдарламасы бойынша жеке сектор жобаларын қаржыландыруға жұмсалмақ», - дейді ол.
Сонымен қатар, ұлттық холдингтің хабарлауынша, Ислам даму корпорациясымен бірлесіп жаңартылмалы қуат көздері саласындағы жобаларды қолдау мақсатында 50 млн долларлық капиталға ие еншілес қор құрылады.
Ислам корпорациясы инвестициясы 15 млн долларды құрайды. Қазақстандық жеке меншік инвестиция 20 млн, холдинг инвестициясы 15 млн доллар. Осылайша аталмыш келіссөз нәтижесінде холдинг түріндегі мемлекет тарапынан салынған 1 долларға мемлекет ішінен тыс қаржыландыру көздерінен 2,3 доллар инвестиция тартылады.
2015 жылы шағын және орта бизнес үшін 150 млн доллар көлемінде Азия Даму Банкінен тағы бір транш тартылмақ. Сонымен қатар, қазіргі таңда холдинг Дүниежүзілік Банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкімен шамамен 200 млн доллар көлемінде ШОБ қолдауға арналған қаражат тарту бойынша келіссөздер ұйымдастыруда.
Қазіргі таңда жоғарыдағы аталғандардай халықаралық даму институттары қаражатын тарту үшін 1 трлн теңгелік 26 жобаның тізімі дайындалды, делінген хабарламада.
Камила Амирова