• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Батыс Қазақстан облысында капиталға инвестиция көлемі 25%-ға артты 03.10.2014

«Экономика өсімінің басты факторы негізгі капиталға инвестиция көлемінің артуы болып табылады. Ағымдағы жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 139,3 млрд теңгені құрап, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,6%-ға артқанын көрсетті»,- деді Н.Ноғаев.

Оның айтуынша, облыстың республика бойынша инвестиция үлесі 3,8% құрады. Сонымен қатар, БҚО әкімі атап өткендей, 2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша аймақта 27,6 мың белсенді шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді.

«Ал, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 102,2 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 0,7%-ға жоғары. 2014 жылдың бірінші тоқсанында шағын және орта бизнес субъектілері 279,4 млрд теңгенің тауарын (жұмыс және қызмет) өндірді, бұл өз кезегінде 2013 жылдың сәйкес кезеңінен 2,2%-ға артық»,- деп толықтырды әкім брифингте.

Камила Амирова


Back to the list