• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысының инвестжобалары арқылы  2 млрд теңгенің  өнімін  өндіру жоспарланған – әкімдік 18.09.2014

Экономика әлеуетін арттыру жұмыстары жайлы облыс әкімінің орынбасары Қадырхан Отаров әңгімеледі. Оның айтуынша, облыста өнімділікті арттыру үшін үш сала бойынша 12 шара өткізу жоспарланған. Олар: тұрақты кәсіпорындардың жұмысы, осы жылы жүзеге асатын жобалар, кәсіпорындар.

«Физикалық көлем индексі 104 пайызды құрады, ал оны 106 пайызға жеткізу қажет. ФКИ-ді 2 пайызға көтеру үшін тұрақты кәсіпорындар жеткізілген деңгейде жұмыс  істеп қана қоймай, қуаттылықты арттырып 8 млрд теңгенің өнімін өндірулері қажет. Ол «AltyntauKokshetau» алтын өндіру зауыты, «Регион-строй» ЖШС, «Степногор тау-химиялық комбинаты», «Новопэк» ,  «Арыстан»  және  «Енки» кәсіпорындары», - делінген хабарламада.

Инвестжобалар арқылы 2 млрд теңгенің өнімін өндіру жоспарланған.

Сондай-ақ, аграрилер астық жинауға кіріседі, олар 4,5-5 млн тонна астық өндірмек. 


Back to the list