• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жамбыл облысының шаруашылықтары 225,4 млн теңге инвестициялық субсидия алады 10.09.2014

«Субсидиялануы мақұлданған 20 жобаның төртеуі суармалы жүйелерді (тамшылатып суаруды) енгізуге (инвестордың шығынын өтеу үлесі - 30%), 11 жоба (аналық мал саны - 600 саулықтан астам) ұсақ мүйізді жануарларға арналған тауарлық фермаларды техникалық жабдықтауға қатысты  болса (инвестордың шығынын өтеу үлесі - 50%), 4 жоба (аналық мал саны - 100 сиырдан астам) ірі қара малға арналған тауарлық фермаларды техникалық жабдықтау (инвестордың шығынын өтеу үлесі - 50%), тағы 1 жоба бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру бойынша индустриалды балық кәсіпорнын құру (инвестордың шығынын өтеу үлесі - 20%) бағытына жатады», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда бұл жобалардың аясында 100 тұрақты жұмыс орны ашылған.

Барлық жобалар 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған: бағдарлама шартына сәйкес инвестициялық субсидиялауға биыл пайдалануға берілген жобалар қатыса алады.

Еске сала кетсек, инвестициялық субсидиялау елімізде биыл алғаш рет «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

 


Back to the list