05.09.2014
Вульф ханымның айтуынша, британдық компаниялар Қазақстанға инвестиция салуға, сонымен қатар «Бәйтерек» мемлекеттік холдингі түріндегі мемелекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы жобаларды іске асыру мен елге капитал нарығын дамытуға мүдделі.
Сонымен қатар, тараптар Лондонда орналасқан негізгі қаржы институттары мен холдинг компаниялары тобы арасындағы ынтымақтастықты орнату мен нығайту мәселесін жан-жақты талқылады, деп хабарлайды «Бәйтерек» ҰБХ.
Вульф ханымның сөзіне сүйенсек, «Бәйтерек» компаниялар тобы Қазақстанға шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік беретін барлық қаржы құралдарына иелік етеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» холдингін құрудағы мақсат экономиканы әртараптандыру мен дамыту, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту мен оның үлескер компанияларындағы корпоративті басқару жүйесін етілдіру болып табылады.