• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
СҚО-да 2015 жылы комбайн мен трактор шығаратын кәсіпорын ашылады 03.09.2014

Бұл Қазақстан мен Финляндияның бірлескен ауыл шаруашылық және коммуналдық техника өндірісі болмақ. Жобаны іске асырудағы ағымдағы мәселелер өңір басшысы Ерік Сұлтанов пен «Sampo Rosenlew LTD» фин компаниясының  президенті Яли Прихти арасындағы кездесуде талқыланды.  

Облыс әкімінің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы – машина құрылысы саласының орталығы болып табылады. Ал Петропавлда машина құрылысы саласы жақсы жолға қойылған. Жобаны іске асыруға барлық жағдай жасалынған.

Жобаны қолға алушылар «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен «Sampo Rosenlew» компаниясы өкілдері оның болашағының мол екеніне сенімді.

«Егер барлық баламалы нұсқаларды сараптап қарайтын болсақ, Петропавл зауытынан оңтайлы орынды таңдау мүмкін емес. Мақсатымыз қарапайым – жергілікі жұмыс күшін пайдалана отырып осында еуропалық сападағы комбайндар құрастыру», - дейді компания президенті Яли Прихти.

Бүгінгі таңда әріптестерде рұқсаттама құжаттары бар, ЖШС құрылған. Қазіргі таңда ғимарат алу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 1 млрд 900 млн теңге.


Back to the list