16.08.2014
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, фабриканың жоспарланған қуаттылығы 100 тонна түйе жүнін және 350 тонна қой жүнін өңдеу. Осы ретте жеке инвестиция көлемі 600 млн теңгені құрайды.
Аталмыш жобаны жүзеге асыру Моңғолиядан келген кәсіпкерлердің қатысуымен іске асырылады.
Атырау облысында 32 мыңдай түйе және 650 мыңнан аса қой бар. Бұл жылына 100 тонна түйе және 700 тонна қой жүнін қырқуға мүмкіндік береді.