• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы облысының дамуына қытайлықтар инвестиция құюда – ҰКП 12.08.2014

Ұлттық палатада хабарлағандай, ол  Жоңғар дәлізіндегі жел энергетика өндірісінің құрылысы, АӨК дамыту салалық жобалары, бірлескен ғылыми орталық құру мен экономикалық жобаларды жүзеге асыру. Айта кетейік, кездесу ҚХР мен Қазақстан арасында ұзақмерзімді ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы аясында өтті.

Айта кетейік, 2013 жылдың күзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзинпиннің кездесуі өткен болатын. Сол кезде Жібек Жолының экономикалық аймағын құру шешімі қабылданды. Жоба аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Қытай кеңесінің Сиань филиалы мен Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы арасында меморандум түзілген болатын. Сондай-ақ, «Ұлы Жібек Жолымен мың шақырым» халықаралық экспедициясының бірінші кезеңі басталды. Екінші кезеңі келер жылдың маусым айында болмақ. 


Back to the list