• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтауда негізгі капитал инвестициясы 12,8%-ға артты 01.08.2014

«2013 жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда негізгі капиталға инвестиция12,8%-ға артты және 2014 жылдың қаңтар-маусым айларына – 28,5 млрд. теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Инвестицияның артуы бюджеттік қаржылары есебінен 2,4 есеге (3,6 млрд. теңге), меншікті қаржылар есебінен 82,3%-ға (19,9 млрд.теңге) артқанын атап өтуге болады. Сонымен бірге, қарыздық қаржылар 80,7% (4,5 млрд.теңге) және банктік кредиттер көлемі 83%-ға төмендеді.

Негізгі капиталға ауқымды инвестиция 13,5 млрд.теңге немесе жалпы көлемінің 47,5% өнеркәсіпке бағытталған, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне  1,9 млрд.теңге.

Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің қарқынын ұлғайту, оның ішінде өңдеу секторын дамыту мен өңірге инвестицияны жұмылдырудың белсенді құралы 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасын дамыту болып отыр.

2014 жылы Қазақстанның индустриаландыру Картасына ұсынуға 5 жаңа жоба дайындалды. Оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА – 2 жоба, сметалық құны 4,6 млрд.теңге болатын 144 жаңа жұмыс орнын, сметалық құны 1,9 млрд.тенге және 312 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 3 жоба дайындалды. 


Back to the list