10.07.2014
ХҚК орташа дамыған елдерге жеке инвестиция салымын ұлғайтуға, кедейшілікті төмендетуге және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған қаржы институт болып табылады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ұйым кеңестік қызмет көрсетуде және мемлекеттік жеке серіктестік негізінде жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі мол.
Орталық Азиядағы корпорацияның өңірлік менеджері Моазам Ахмед Мекан ХҚК облыс әкімдігімен бірлесе әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді.
Өз кезегінде «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ойнаров мемлекетпен қаржы институттары өңір экономикасын дамыту бойынша серіктестіктің маңыздылығын арттыратынын атап өтті.