10.07.2014
«Алдағы уақытта Польшада жұмыс істейтін біздің жерлесіміз 180 млн долларлық инвестиция тартып, тұрмыстық химия зауытын ашпақ. Сонымен қатар жабық теннис корты салынады. Ал алматылықтар мұнда туризм орталығын құрып, осы саланы дамытпақ. Осы мақсатта қазірдің өзінде 15 гектар жер бөлініп қойылды», - дейді әкім.
Оның айтуынша, өңірге шет елдің туристері көптеп келетін көрінеді.
«Бізге ҚХР СҰАА (Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданы) туристері ұсыныс жасауда. Қаланың туристік саласын дамытудың үлкен болашағы ар. Жоспар бойынша қаламызда спорттық шараларға арналған канал да салынбақ. Мемлекеттік бағдарлама бойынша Алматы мен Павлодар жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Шекаралас Ресей мен ҚХР СҰАА арасындағы ынтымақтастық дамуда», - дейді қала басшысы.