08.07.2014
Қазақстандық-белорустық бірлескен жоба «Қазақстандық Агро Инновациалық Корпорация» ЖШС жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндіріліп отырған өнімді арттыруға, тауарды Таяу Шығыс елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бүгінде 6 га жер телімі бөлінді және жобалық құжатнама мемлекеттік сараптаудан өтуде.
Сонымен қатар, нысанның құрылысыда жүргізілуде, дайындық 35% құрап отыр. Қазіргі таңда жобаға 4 млн. доллардан астам қаражат құйылды. Құрылыстың бірінші кезегі ағымдағы жылдың 4 тоқсанында аяқталады деп күтілуде.
Бұдан басқа, келелі кездесу барысында машинақұрылысы, коммуналды, құрылыс техникасы және жиһаз өндірісі саласында екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.