24.06.2014
« «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің немере компаниясының базасында біз «КазАгроИнвест» компаниясын құрудамыз, ол капиталға инвестицияланады. Бірқатар жақсы жобалар бар, біз оларға тікелей инвестиция тарту арқылы бұл компанияларға кірмекпіз. Біз венгерлік инвесторлармен тікелей инвестиция қорын құрудамыз», - деді ол.
Оған қоса, француз компаниясы өз қаражатының есебінен суармалы егіншілікке қондырғы өндіретін зауыт ашуды жоспарлауда.
«Emirates Future компаниясымен келіссөздер жүргізілді, ол Қазақстанда халал етін өндіруге мүдделі. Сондай-ақ, әлемдік компаниялар құс фабрикаларын салу, қоректендіру зауыттарын салуға ниет білдіруде», - деді ол.
«Сыртқы бастамалар бізге өте қажет, себебі олардың астарында білім, жоғары технологиялар, қуаттылыққа шығатын жобаларды сүйемелдеу жатыр», - деді ол.
Камила Амирова