13.06.2014
Қол қойылған келісім негізінде бірлесе жұмыс істеу тараптарға Қазақстан Республикасының коммерциялық автомобильдер саласындағы бәсекеге қабілеттілігін ұлғайтуға және екі ел арасындағы коммерциялық қарым-қатынасты дамытудың негізін қалауға, сондай-ақ, лицензия берілетін технологиялар трансфертін арттыруға мүмкіндік береді, деп ИЖТМ-де хабарлады.
Итальян тарабы қол қойылған келісім шеңберінде «IVECO» модельдерінің бірін дәнекерлеуді, құрастыруды, бояуды қамтитын CKD технологиясы бойынша Қазақстанда автомобильдерді шығаруды көздейтін лицензиялық келісім түрінде автомобиль құрастыру жөніндегі технологияларды беруді ұсынады және білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
Осы жобаны іске асыру үшін алаңы 42 000 шаршы метрді құрайтын, Қостанай дизель зауытының өндірістік блогі қайта жаңғыртылатын болады және шамамен 150 жұмыс орын құру жоспарлануда.
Астана қаласындағы зауыттың өндірістік қуатын жылына кем дегенде 25 мың бірлік автокөлік құралына жеткізу жоспарланып отыр, ал локализация деңгейі 2016 жылғы 1 тоқсанда кем дегенде 30% құрайды.