• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н. Назарбаев Қазақстан мен Италия арасындағы екіжақты келісімге қол қою рәсіміне қатысты 13.06.2014

Келісімдер «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ЭНИ С.п.А.» компаниясы  арасында Исатай геологиялық барлау жобасын және кеме жасау/кеме жөндеу зауытының құрылысы жобасын жүзеге асыру туралы , Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Ивеко С.п.А.» және «Аллюр Групп» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум бойынша жүргізілді.

Қол қою рәсімінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Маттео Ренци мәлімдеме жасады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Италиямен қарым-қатынастары көптеген бағыттар бойынша қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

«Италия – Қазақстанның Еуропадағы стратегиялық экономикалық серіктесі. Қазақстандық жалпы сыртқы тауар айналымының 13 пайызы осы елдің үлесіне тиеді. Италиялық инвестициялардың біздің экономикадағы жалпы көлемі 6,5 миллиард долларды құрайды. Сонымен қатар, Италия қазақстандық мұнайдың ірі тұтынушысы да болып табылады», - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Италияның Еуропалық одаққа алдағы төрағалығына Қазақстан үлкен үміт артатынын, өйткені біздің ел онымен кеңейтілген серіктестік туралы келісімге қол қоюға дайындалып жатқанын атап өтті. 

Өз кезегінде М.Ренци италиялық компанияларға Қазақстанда көрсетіліп отырған қолдау үшін ризашылығын білдірді және елімізді алдағы уақытта ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізетіндігімен құттықтады. 

Италия Премьер-Министрі  қазақстандық экономика үшін «Эни» компаниясының инвестициялары маңызды мәнге ие екендігіне тоқталды және италиялық «Фиат», «Италчименти» және «Финмекканика» компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытады деп үміттенетінін жеткізді. 

 


Back to the list