12.06.2014
«Бүгінгі күні көлемі 2 млрд доллардан асатын біздің инвестициялар 12 жобаны жүзеге асыруға негізделген. Алдағы жылы біз қолға алғалы отырған 60 жоба жайында айтар болсақ, олар ҮИИД бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосатын болады. «Дойче банк» ҮИИД мембағдарламасының бірінші кезеңін бағалауға белсенді атсалысқан болатын, сондай-ақ екіншісін жүзеге асыру үшін ұсыныстар әзірленді. Осы мақсатта ИЖТМ басшылығымен кездестік», - деп атап өтті Қазақстан-Германия іскерлер кеңесінің тең төрағасы.
Айта кетейік, бүгін Бурабайда өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлардың құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ индустрияландырудың екінші бесжылдығы шеңберінде инвестициялау және технологиялар трансферті мәселелері талқылануда.