12.06.2014
«Инвесторлар үшін визасыз режімге тоқталсақ, бизнес-келісімдерді, халықаралық операцияларды кеңейту үшін визалық кедергілерді жою керек. Бүгін біз Қазақстанда жоғары инвестициялық белсенділік танытқан 10 елдің азаматтары үшін біржақты визасыз режімнің енгізілетінін жариялаймыз», - деп хабарлады Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, бұл тізімге АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, БАӘ, Корея мен Жапония еніп отыр.
Айта кетейік, бүгін Бурабайда өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлардың құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ индустрияландырудың екінші бесжылдығы шеңберінде инвестициялау және технологиялар трансферті мәселелері талқылануда.