12.06.2014
«Таяуда Қазақстан үкіметі 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялды даму бағдарламасын мақұлдады. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің аталмыш бағдарламаны ілгерілету үшін күрделі жұмыстар жүргізгенін айта кету керек. Бағдарламаның екінші кезеңінің ойдағыдай іске асырылып, экономиканың басым салаларын дамудың жаңа деңгейіне көтеретінін батыл айтуға болады. Бұның барлығы әлемдік нарықтағы Қазақстанның рөлін күшейте түспек. Инвесторларды қолдау мен Қазақстан Үкіметі тарапынан мақұлданған шетелден тікелей инвестиция тарту шаралары елдің инвестициялық климатын жақсартуға бағытталған», - дейді Тим Гитцель.
Оның айтуынша, «Cameco» корпорациясы Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Айта кету керек, «Cameco-ның» Қазақстан экономикасына жалпы капитал салымы көлемі 400 млн доллардан асады.
«Заманауи және стратегиялық шешімдердің арқасында Қазақстан экономика дамуында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Біздің компания қашанда Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуға қатысты ұстанған саясатын қолдап келеді. Осыған орай алға қойған міндеттемелердің орындалуында өзіндік үлесін де қосуда. Біздің басты әріптесіміз «Қазатомпромның» қолдауымен біз заманауи кәсіпкерлік «Инкайды» құрдық. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасның геологиялық барлау жұмыстарының мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасын қолдауға баса назар аударудамыз», - дейді Тим Гитцель.