11.06.2014
Көрмені аралау кезінде Мемлекет басшысы «Абу-Даби Плаза», «Астана ЭКСПО-2017», «Көк жайлау» тау курорты» және Алматы медициналық орталығы тәрізді жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Сонымен қатар Қазақстан Президентіне Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту және қала сыртындағы Borovoe country club коттедж кентінің, гольф-клубтың, сондай-ақ Назарбаев Университетінің ғылыми-зертханалық кешенінің жобалары көрсетілді.