• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өскеменде автозауыт инвестициялық жобасы қолға алынуда 11.06.2014

Жобаның мақсаты: елімізде толық циклді автозауыт құрылысы мен автобөлшектер өндірісін жолға қою. Жоспар бойынша кәсіпкерлік жылына 120 мың көлік шығаратындай қуаттылыққа жетпек. Сонымен қатар, осыншама көлікке бөлшек шығаратын болады.

Жобаға тапсырыс беруші - «Азия Авто Қазақстан» АҚ. Жобаның жалпы құны 74,5 млрд теңгені құрайды. соның ішінде 12 млрд теңге өзіндік қаражат болса, 62,5 млрд теңге қарызға алынған.

Айта кету керек, жобаны іске асыру барысында жаңа жұмыс орындарын ашу қарастырылған: құрылыс кезінде 2000 адам жұмыспен қамтылса, жоба іске қосылғаннан кейін 4000 адамға жұмыс берілмек.

Жыл сайын ҚР бюджетіне түсетін қаражат құны 9-15 млрд теңгені құрамақ.

Қазіргі таңда модульді құрылыс қалашығы салынған. Онда әкімшілік корпус, тұрмыстық ғимарат, материалдарды сақтайтын қоймалар, құрылыс техникаларына арналған тұрақтар бар. 


Back to the list