• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н.Назарбаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысын өткізеді 05.06.2014

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі 1998 жылы Мемлекет басшысының қаулысымен құрылған.

Кеңес жиын-кеңес беру органы болып табылады. Оның қызметіне жетекшілік ететін басшы Қазақстан Республикасы Президенті. Соның ішінде шақыртуларды мақұлдап, отырыстарға төрағалық етеді.  

Кеңеске Қазақстан Республикасынан лауазымы жағынан ҚР Үкімет басшысы, ҚР Мемлкеттік хатшысы, ҚР сыртқы істер министрі, ҚР Ұлттық банк төрағасы, ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Үкімет басшысының орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі, ҚР қаржы министрі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің  төрағасы кіреді.

Кеңес құрамына шетелдік тараптан халықаралық қаржы ұйымдары мен шетелдік компаниялардың белгілі бір мөлшердегі бірінші жетекшілері кіреді.

Кеңес қызметінің жұмыс органы мен негізгі үйлестірушісі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі инвестиция комитеті болып табылады. Шетелдік тараптан үйлестіруші ретінде «Шетелдік Инвесторлардың Қазақстандық Кеңесі» қауымдастығы танылған. 


Back to the list