09.06.2014
«12 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы өтеді», - делінген хабарламада.
Сол күні Қазақстанға ресми сапармен келетін Италия Премьер-Министрі Маттео Ренцидің Мемлекет басшысымен кездесуі күтіледі.
19 маусымда Президент Н.Назарбаев пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің екіжақты кездесуін өткізу жоспарланған.