07.06.2014
Өз кезегінде бизнесті дамыту жөніндегі Бас директор – Қордың Басқарма мүшесі Берік Бейсенғалиев инвестициялық тиімділікті арттыру бағытында атқарылып жатқан шараларды егжей-тегжейлі баяндап берді.
Атап айтқанда, Қор қазір инвестициялық әрекетті жүзеге асырудың бірыңғай стандарттарын әзірлеп жатқанына тоқталды. Мақсат - құйылған қаражаттың пайдалы болуын қамтамасыз ету, Қордың инвестициялық портфельінің табыстылығын жоғарылату, активтердің құнын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік берер жаңа бағыттар іздеу.
«Қаражат құюдың басым бағыттарын айқындап, инвестициялық портфельді лайықты бағалай білуге мүмкіндік беретін, компаниялардың инвестициялық жоспарларын қарастыру мен бекіту тәжірибесін, маңызды бастамалар қатарына қосуға болады»,-деді Берік Бейсенғалиев.