02.06.2014
Оның пікірінше, іскерлік климаттың жетілуі мен интеграциялық бастамалар Қазақстаның инвестициялық тартымдылығының негізгі факторы болып табылады. Әлемдік дағдарысқа қарамастан, 2012 және 2013 жылдың қорытындысы бойынша, елдің ЖІӨ 5 -6 пайызға өсті.
1993 жылдан 2013 жыл аралығында ел экономикасына 189 млрд АҚ доллары тартылды. Тек 2013 жылы ғана Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция құны 24,1 млрд теңгені құрады.
Ұлттық банктің статистикалық мәліметтері бойынша, инвесторларды шикізат саласы қызықтырады, инвестициялар өндіріс саласының мұнай, газ және тау-кен саласына құйылуда.
Айта кетерлігі, Қазақстан қазір даму жолында. Біз ғылымды қамтымды экономика мен инновация және технологиялық әлеует арқылы дамуға мүдделіміз. Осыған орай, инвестициялар өткізу технологиялары мен инновация енгізуге бағытталатын болады.
«Қазақстанның инвестиция тарту әлеуеті зор. Әсіресе, жаңармалы энергия көздері, агроөндірістік кешен, атом энергетикасы мен туристік индустрия саласы басымдылық көрсетуде», - деді ол.