24.05.2014
«Сапар аясында бизнестік құрылымдар арасында жалпы мөлшері 1,1 млрд доллардан асатын үш келісімшартқа қол қойылды, соның ішінде екеуі Маңғыстау, біреуі Жамбыл облысындағы жобалар бойынша», - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы сапар барысында қол қойылған келісімшарттар малайзиялық компаниялардың Қазақстанға инвестиция салу ниетінің айқындығын көрсететінін атап өтті. Бұл ретте ол елдеріміздің арасындағы тауар айналымы әлеуетімізге толық сай еместігін, соған орай көрсеткіштерді алдағы жылдары әлдеқайда биік деңгейге көтеру қажеттігіне назар аударды.
Өз кезегінде Наджиб Тун Разак бұл оның Қазақстанға екінші сапары екенін айтты.