• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Astana Invest» форумы аясында 11 меморандумға  қол қойылмақ 21.05.2014

«Соңғы 4 жыл ішінде жеке инвестициялар үлесі 3 есеге көбейді. Бұл уақыт аралығында 54 есеге аймақтық азық-түлік өнімі көлемі мен қала халқының  саны 3 есеге көбейді. Бүгін біз Форум аясында жалпы сомасы 500 млн доллар болатын 11 меморандумға қол қоямыз», - деді И.Тасмағамбетов.

Сонымен бірге, ол Астанада инвестицияларды тартуға қажетті қолайлы шарттардың барлығы жасалғанын атап өтті.Астана үлесі елдің ЖІӨ-де  6 есеге көбейіп, инвестиция көлемі 28 есеге артты.

«16 жыл ішінде Астанаға 4 трлн 780 млрд теңге жұмсалды. Бұл қаланың қарқынды дамуымен жетілуіне өзіндік үлес қосты», - деді ол.

«Соңғы 4 жыл ішінде қалада 6 млн теңгенің 12 млн шаршы метр тұрғын үйі салынды. Көптеген инвесторлар бүгінгі күннің өзінде нақты нәтижелерге көз жеткізіп отыр. Жақында мемлекеттік-жеке серіктестіктің жаңа түрлері туралы заң қабылданғанын атап өткен жөн. Инвесторларға жаңа кепілдіктер беріліп, жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Бұл біз үшін өте маңызды. Өткен жылы жалпы өндіріс көлемі жарты миллиард АҚШ долларын құрады», - деп толықтырды қала әкімі өз сөзін.

Камила Амирова


Back to the list