20.05.2014
«Ең бастысы АЭА басқарудың жаңа пішіні қалыптасуда. Ол екі бөліктен құралады. Оның бірінші және маңызды бөлігі – АЭА дамуына персоналды жауапкершіліктің көбеюі. Пакеттің негізгі үлесі салалы министрліктер мен ұлттық компанияларға берілетін болады. Сол жерде оның персоналды жауапкершілігі бекітіледі. Басқарушы компаниялардың рөлі күшейтіліп, олардың біліктіліктері артады», - деді Е. Сағадиев.
Сондай-ақ, Қазақстанда инфрақұрылымды дамыту құрылысы жалғасатын болады.
«АЭА-ның «Актау Теңіз порты», «Астана-жаңа қала», «Оңтүстік», «Сарыарқа», «ПИТ», «Бурабай» 6 инфрақұрылымы салынды. 4 АЭА құрылысын қаржыландыру, «Ұлттық индустриялды мұнайтеххимиялық технопаркі», «Химпарк», «Тараз», «Қорғас-Шығыс қақпасы», «Павлодар» бойынша Үкімет жаңа жолдарды қарастыруда. Оның ішінде Ұлттық қордағы қаражат та есепке алынады», - деді индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.
Мадина Нұрбекова