13.05.2014
«Экономиканы жаңғыртудың негізі шетелдік және отандық инвестиция тарту жұмыстарын қарқынды жүргізу болып табылады. Бұл үшін біз барынша қолайлы инвестициялық климат құруға ниеттеніп отырмыз. Осы мақсатта биыл инвестициялық заңнаманы жетілдіру бойынша жаңа заң қабылдаймыз», - дейді Н. Назарбаев.
Оның айтуынша, инвесторларды 10 жылға дейінгі корпоративті табыс салығынан босату, инвестициялық субсидия енгізу, заңнама мен болжамды тариф тұрақтылығын қамтамасыз ету, шетелдік жұмыс күшін тартуды жеңілдету жоспарлануда.
Сонымен қатар, инвесторлармен жұмыс «бір терезе» принципі арқылы өткізілмек.