02.05.2014
«2014-2015 жылдары холдинг 8 млрд доллардың 30 жобасын жүзеге асырады. Осы арқылы елімізде жаңа алты мың жұмыс орны ашылатын болады. Сонымен қатар, Қазақстанның инвестициялық қоры ретінде біз Қазақстанға барынша молынан инвестициялық қаражаттарды тартуға күш салатын боламыз», - дейді Қ.Бишімбаев.
Оның айтуынша, Қазақстанға Азия даму банкі тарапынан берілген несие көлемі 3,2 млрд долларды құраған. Ал 2011 жылы жаһандық қаржы дағдарысына қарсы тұру үшін банк елімізге 500 млн доллар көлемінде қарыз берген.
«Нәтижесінде 2010-2012 жылдары еліміздегі 815 кәсіпкерлік субъектісі 40 млрд теңге несиеге қол жеткізіп, соның арқасында республикада 1820 жаңа жұмыс орны ашылды», - дейді төраға.
Айта кетейік, бүгін Тәуелсіздік сарыйында Азия Даму банкінің жыл сайынғы 47-ші отырысы өтуде. Ол 5 мамырға дейін жалғасады.
Бауыржан Мұқанов