• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Шымкентте инвестжобалардың  көрмесі  өтті 21.04.2014

Шара барысында бірқатар келісімдердің жүзеге асуы мақсатында Кәсіпкерлер палатасы Мәскеуден, Малайзиядан инвесторларды шақырды, деп ұйымдастырушылар хабарлады.

 «Көрме облыста кәсіпкерліктің дамуына түрткі болып, бірқатар кәсіпорындар жандана түсетініне мен кәміл сенемін – деді ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева. Көрме барысында облыстық Кәсіпкерлер палатасы дайындаған 50 локомотивті жобаның 17-сі көрсетіліп, оларға инвесторлар қызығушылық білдірсе, 3 жобаны іске асырам дейтін кәсіпкерлер ниет білдіріп отыр – деді Г.Құрбанбаева.

 Ең бастысы, экономикалық интеграцияны қолдана отырып, аймақ аралық өнімдердің өтімділігі мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Соның ішінде, кәсіпкерлердің сұрақтарын шеше отырып, шағын және орта бизнестің үлесін көтеру.

Мәскеулік сауда орталығы Шымкенттік кәсіпкерлермен бірлесіп облыс аумағында ет өнімдерін шығаратын өндіріс салуды келісіп, одан шығарылатын өнімді Ресей нарығына жеткізу туралы құжатқа қол қойды. Сонымен қатар, малазиялық MARDITECH компаниясы, Оңтүстіктік Қазақстан облысында халықаралық деңгейдегі халал өнімдерімен айналысатын хаб орнату көздеп отыр. Көрме барысында ОҚО Кәсіпкерлер Палатасы мен бірге бірқатар ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.

Осы мақсатта, көрме еркін қарым қатынас алаңына айналып, бизнеске қатысты байланыс орнатуға таптырмас мүмкіндік ашылмақ. Көрменің бағдарламасында қатысушыларға облыс аймағындағы 100 инвестициялық жобалар және бизнес идеяларды іске асыру жағын таныстырылып, индустриялды, туристік, агроиндустриялды және сауда логистикалық аймақтардан тегін жер телімін алу мүмкіндігі, жеңілдетілген инвестициялық жобаларды қаржыландыру алуға мүмкіндік алды.

 

 

 

 

 


Back to the list