15.04.2014
«Біз барлық қиындықты бастан өткердік. Дағдарыс уақытында қаржымыздан айырылып, банктерде де құлдырау болды. Алайда инвестицияға деген сұраныс бар. Отандық кәсіпкерлік біліктілік деңгейге көтерілген кезінде біз шетелдің инвсторларын іздеп отырмыз. Кез келген капиталдың қалыптасу тарихы – бұл сауда қатынастарының бірінші кезеңі. Егер белгілі бір деңгейде капиталға иелік ететін болсаңыз, сіз онда тұтынушылықтан инвесторлық деңгейге көтерілесіз. Қазіргі таңда елдің ішкі капиталы бүгінде ішкі тұтыну шегінен асып кетті, оны инвестициялау керек. Осыған орай Мемлекет басшысы барлық кәсіпкерлерді инвестиция саласында үлес қосуға шақырып, ел экономикасын ынталандыруға ынталандыруда», - дейді Р.Алшанов.
Оның айтуынша, кәсіпкерлік фискалды жүйе деңгейіне дейін көтерілуі керек. Сонымен қатар, ұлттық экономика түйінерін де шешу кезек күттіретін мәселе емес.
«Соның ішінде бірыңғай зейнетақы жүйесінде де айтырлықтай қаражат жиналды. Оларды ұлттық компаниялардың құнды қағаздарына және депозиттерге инвестициялау қажет. Капитал жұмыс істеп тұруы керек. Мысалға, Швецияда шағын кәсіпкерліктің 80%-ы инновациялық сипатта. Ал біздегі көрсеткіш 5-6%. Құрылымды өзгерту қажет», - дейді Р.Алшанов.
Сонымен қатар, Бірыңғай экономикалық кеңістікке ену мәселесінен қарайтын олсақ, ішкі нарықты ашып, кәсіпкерлікті пайдалы ету қажет.