04.04.2014
«Технологиялық дамыту бойынша ұлттық агенттік» АҚ-нан технологияны коммерциялауға инновациялық грант алған «Конфузорлы жел қозғалтқышы» жобасы технологияны коммерциялық пайдалану үшін жобаны тұдырымдаманы негіздеу кезеңіндегі бірінші кезек аяқталды, дейді «НАТР» АҚ деп хабарлайды.
Қазақстандық өнертапқыштарды дайындау болашағына отандық инвесторлар қызығушылық танытуда. Қазақстанның ең ірі 5 энергетикалық компаниясына енетін «Қазақстандық коммуналдық жүйесі» ЖШС өнеркәсіптік прототип құрудан кейін шағын жел энергетикасы саласындағы жел құрылғылары өндірісі бойынша әріптестік құру туралы инвестициялық ұсыныс алынды.
Жобаның инновациялылығы жел жылдамдығы режимі диапазонындағы қуат шығару мүмкіндігінде жатыр. Мысалға, жел жылдамдығы 10 м/с көлеміндегі ерекше режимдердегі аудандарда конфузорлы ЖЭҚ алмастырылмайды.
«Мемлекеттен инновациялық грант түріндегі қолдау алу бірқатар техникалық артықшылықтарға ие дүниелерді құруға мүмкіндік берді. Қазір біз жобамыздың тұжырымдамасын негіздедік, тәжірибелі үлгілерді жетілдіріп, тәжіриделік-құрылымдық жұмыстар өткізіп, «Executive consulting» консалтингтік компаниясымен бизнес жоспар дайындадық», - дейді жоба авторы Асқар Ескіндіров.