• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО ғалымдары МРТ-ға арналған өткізгіштігі тым жоғары сым жасаумен айналысуда 21.09.2017

ШҚО-ның ірі өнеркәсіп ошақтарында өнімнің жаңа түрін жасауға бағытталған 7 ғылыми-техникалық бағдарлама жүзеге асуда.

Ғалымдар мен өндірушілердің басты мақсаты – жоғары экспорттық әлеуеті мен қосылған құны бар жоғарытехнологиялық өндіріс құру. Естеріңізге сала кетсек, облыс әкімі маусымда жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жасауды тапсырған.

Осы ретте 3 ай ішінде маркетингтік зерттеу жүргізіп, нарықтағы қазіргі ахуал бойынша сараптамалық мәліметтер жиналды.

«Бәсекелестіктен қорықпау керек. Бізде жабық экономикалық нарық. Ең бастысы шикізатты өзімізден өз бағасымен аламыз. Бағдарламаларды жүзеге асыру барысында қаржылай қиындықтар болмайды», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Айта кету керек, ШҚО ғалымдары МРТ арналған өткізгіштігі тым жоғары сым жасау, титан, сонымен қатар тантал және ниобийден жасалған қондырымшығару мырыш пен қорғасын алудағы пирометаллургиялық үрдісті жаңарту бойынша жұмыс жүргізуде. 


Back to the list