• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Ұтқыр медицина» хакатонының жеңімпаздары марапатталды 06.06.2017

Бірінші орынды «Dariger 24» жобасымен Алматы қаласынан келген Medcare командасы алды.

«Қосымшаның медициналық мекемелер мен халық үшін  әкімшілік, клиникалық және инфрақұрылымдық басымдылықтары бар. Көрсетілген қызметтерге онлайн ақы төлеуді, бейнеконсультацияларды көрсетуді, клиникалық тесттер мен талдауыштар мұрағатын жүргізуді, денсаулықты тексеру бойынша кіріктірілген бағдарламаларды, дәрілік заттарды бақылау үшін штрих-кодты немесе QR-кодты ықпалдастыруды енгізу жолымен функционалдықты кеңейтуге болады. Бонустық бағдарлама пайдаланушыларды көбірек шақыруға, дәрігердің тағайындауларын орындауға ынталандырады. Демеушілердің басты сыйлығы – жобаны 10 млн. теңгеге дейінгі сома мөлшерінде коммерциялау келісімшарты», - деп хабарлады ведомствода.

Екінші орынға «ONCOSCREEN» жобасымен Петропавловск қаласынан келген  «NEP Unit Group» командасы ие болды. Қосымша сүт безінің обыры, жатыр мойны обыры, өкпе обыры, өңеш және асқазан обыры бойынша скринингілік бағдарламаларды белсенді енгізуден тұрады. Команда демеушілерден Sisoft (Түркия, Анкара қаласы) компаниясындағы шетелдік тағылымдамадан өту түріндегі сыйлық алды.

2017 жылғы 27-28 мамырда өткен Хакатонға Қазақстанның (Астана, Алматы, Петропавловск, Қарағанда, Ақтөбе, Қызылорда) 6 қаласынан келген 24 команда қатысқанын еске саламыз.  Хакатонға қатысқандар - Қазақстандық Nazarbayev University, Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚБТУ сияқты ЖОО-ның және  University of Waterloo, University of Toronto, Ломоносов атындағы ММУ сияқты шетелдік университеттердің студенттері.

Сонымен қатар, қатысушылар ішінде қазақстандық жекеменшік және мемлекеттік компаниялардың мамандары да болды. 24 сағаттық жұмыстан кейін конкурсқа қатысушылар ұтқыр қосымшалардың логикалық аяқталған түптұлғаларын ұсынды. Командалардың нәтижелері  5 өлшемшарт бойынша бағаланды: пациенке бейімделушілік қағидатын іске асыру, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, қосымшаларды даярлау және орындалу техникасының күрделілігі деңгейі, қосымшаны пайдалану және қосымшаларды ресімдеу ыңғайлылығы.


Back to the list