01.06.2017
ЭКСПО көрмесі қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтары «Smart Astana» мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасының арқасында барлық қалалық қызметтерге қол жеткізе алады.
Жоба қалалық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, тұрғындар үшін ыңғайлы етуі тиіс.
«Жоба авторлары елорда тұрғындары мен қонақтарына жаңа қызметтердің ауқымы кеңейіп жатқандықтан мобильді қосымшаның тұжырымын толығымен жаңартуды қолға алды», - делінген хабарламада.
«Smart Astana» мобильді қосымшасына түрлі қызметтердің 12 санаты қосылған.
Қосымшаның көмегімен қызықты мәдени шаралардың кестесімен танысып, билетке дейін сатып алуға болады. Сондай-ақ ол әуежай, теміржол вокзалы мен автовокзалдардағы қатынас кестесімен танысуға мүмкіндік береді. Қолжетімді қызметтің бірі қалалық автобустардың қатынас уақыты мен UBER арқылы таксиге тапсырыс беріп, елорданың туристік жерлері туралы мағлұмат береді.
Бұдан бөлек Астана тұрғындары қосымшаның көмегімен 109 қызметіне өтініш білдіріп, өзінің учаскелік полицейін таба алады.
Бүгінгі күні елорданың барлық медициналық мекемелерін «Smart Astana» жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл қалалықтарға учаскелік терапевтен бастап кез келген дәрігердің қабылдауына жазылуға, жедел-жәрдем қызметін шақыруға жәрдемдеседі.
Ағымдағы уақытта жобаны жүзеге асыру үшін бюджет қаржысы жұмсалып жатқан жоқ. Қызметтер мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық серіктестердің қолданысындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау әдісімен қосылуда. Барлық қызметтер «Веб-портал» және «Smart Astana» мобильді қосымшасы жобасының бекітілген кестесі – үш бағыт бойынша қосылады.