13.05.2017
Компания өкілдерінің ақпараты бойынша, қазір 115-116 аралық өткелдегі жұмыстар басталды, ал 116 станцияның 1 кезегіндегі жұмыс қарқыны жоғары.
«Қазір біз бағаналар қағу жұмыстарын жүргізудеміз, 3 бұрғылау қондырғысы мен 50 жұмыскер тартылған»- деді өндірістік блоктың бастығы Ян Фы.
Маманның айтуынша, 10 мамырда қытайлық құрылысшылар аралық өткелдердің құрылысын салуға ресми рұқсат алған, бірнеше күннен бері жұмыс үзіліссіз жүргізіліп келеді. Қазіргі кезеңде үш бағана қағылды. Нысанда Қытайдан келген 40 маман еңбек етуде, олардың қатарында бұрғылау қондырғыларының операторлары, қаңқаны орнатушы жұмыскерлер және бетон мамандары бар. Қалған 10 адам Қазақстан азаматтары.
«Құрылыс алаңын жоспарлауға және рұқсат құжаттарын алуға тапсырыс беруші қолдау көрсетті. Кешенді қолдау үшін алғыс айтамыз», - деп ағынан жарылды өндірістік блоктың бастығы.