25.04.2017
Іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Almaty Tech Garden ұйымдастырып отыр. Microsoft Kazakhstan және «Тұран» университеті шараның әріптестері болып табылады.
ИДМ хабарлағандай, «Imagine Cup» – Microsoft компаниясы ұйымдастыратын, студенттер арасындағы технологиялық байқаулардың жобасы. Байқау Microsoft компаниясының технологиялық шешімдерінің негізінде жүзеге асырылған жобаларды қолдау мақсатымен бүкіл әлемнің ең дарынды студенттерін біріктестіреді. Ұлттық финалдың жеңімпазы өз жобасын Киев қаласында өтетін регионалдық финалда таныстырады;
«TG Cup» – нарықтағы жетекші компаниялардың, ұлттық компаниялардың, үздік технологиялық кәсіпорындардың, халықаралық жане басқа да ұйымдардың технологиялық мәселерін шешуге мүмкіндік беретін хакатон. Соның ішінде, «Қазпочта» АҚ, IBM, DAR Ecosystem, ТОО «Современные инновационные технологии» және т.б. компаниялардың мәселелері ұсынылады;
Іс-шараның аясында үздік салалық сарапшылардың мастер-класстары өтеді.