07.04.2017
Гляциология орталығын құруға үміткер 10 аса мемлекеттің ішінен ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен орталықты ашу базасы ретінде ҚР БҒМ География институты таңдалды.
«Әлемдегі жалғыз гляциологиялық орталықта 50 ғылыми қызметкер мұздықтардың қасиеттері мен дамуын, мұз қалқандарын және қар жамылғысын зерттеумен айналысады», - делінген хабарламада.
ЮНЕСКО-ның Қазақстанды таңдауы қазақстандық ғылымның гляциология саласындағы жетістіктерін мойындағанының белгісі. Отандық ғалымдар 60 жылдан бері осы салада зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Зерттеу жұмыстаарының тәжірибелік базасын Солтүстік Тянь-Шаньдағы тәулік бойы бақылау кешенімен және мамандар құрамы бойынша бірегей үш стационар құрайды (бірінші станция 3450 м биіктікте орналасқан Тұйықсу мұздығы, екіншісі 3400 м биіктіктегі Жусалы Кезең және үшінші станция 2500 м биіктіктегі үлкен Алматы көлі. Орталықты құру су қауіпсіздігі, климаттың өзгеруі проблемалары бойынша жүргізілетін зерттеулердің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
География институтынан орталықта жұмыс істеу үшін алдын ала 43 маман іріктеліп алынды, оның 52,4%-ы ғылыми зерттеу әдістерін меңгерген жас мамандар, 51%-ы ғылыми дәрежелерге ие. Орталық құру барысында қызметтік орынжайлар, жабдықтар, бағдарламалық қамсыздандыру мен техникалық құралдар География институтынан бөлінеді.
Орталық қызметі климаттың өзгеруінің мұз, қар және су ресурстарына әсерін зерттеу бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің ғалымдарының күшін біріктіруге және үйлестіруге, сонымен қатар, гляциологиялық-серпінді сел ағынын зертетуге бағытталған.