20.02.2017
Фестиваль 22-23 сәуірде өтеді. Қатысуға өтінімдер 1 наурызға дейін қабылданады. Ұйымдастырушы – Қарағанды облысының білім басқармасы.
Фестиваль бағдарламасы аясында робототехника, техникалық шығармашылық, бағдарламалау және жобалаудың түрлі бағыттары бойынша балаларға, оқытушыларға, студенттерге, ата-аналарға арналған оқыту семинарлары мен шеберлік сыныптары өткізілмек.
Фестивальда білім саласында робототехниканың қалай пайдаланылатынын білуге, сондаай-ақ, арнайы ұйымдастырылған көрмеде жаңалықтармен танысуға болады. Шара аясында оқушылар, колледж студенттері мен білім орталықтары өкілдерінің арасында робототехникадан жарыс ұйымдастырылады.
Оқушылардыы, колледждердің студенттерін, білім орталықтаарының өкілдерін жарысқа қатысуға шақырамыз. Қатысушылардың жасы - 11-ден 17-ге дейін.
Олар түрлі санаттар бойынша сайысқа түседі, мысалы, механикалық сумо, квадрокоптерлер мен билейтін роботтар жарысы, боттарды бағдарламалау және виртуалды шынайылықты жасау және т.б.