10.12.2016
Форум барысында 24 инноватор қала басшылығы мен әлеуеті инвесторларға «Smart City» бағытының мәселесін шешетін жобаларды таныстырды. Шараны ұйымдастырушылар Алматы қаласының әкімдігі мен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және Almaty Management University.
Алматы инвесторларды қабылдайтын хаб болып саналады, алайда инвестициялар инновациялармен тікелей байланысты. Біз инновацияларды қала экономикасының барлық саласын дамыту арқылы қабылдаймыз», - деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов.
Айта кетейік, шара ашық пікірталас форматында өтті, алаңда әрбір қатыс ушы өзінің жобасын таныстыруға және өзге инноваторлармен танысуға мүмкіндік алды.