• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО-ның  ауыл шаруашылығына гидропонды  жүйе енгізу жоспарлануда 08.12.2016

ШҚО Ақпарат орталығында хабарлағандай, шаруа қожалықтары ауа райы жағдайларына қарамастан, дәрумендерге толы балғын шөппен жыл бойы қамтамасыз етілетін болады. Инновациялық қондырғы шағын аумақта азықтың үлкен көлемдерін қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе шағын шаруа қожалықтары үшін тиімді.

Мұндай бір қондырғының құны 36 млн теңгені құрайды. Оны алған шаруаларға 50 % субсидиялау түрінде қолдау көрсетіледі. Оны шығаратын «KazAgroGreen» компаниясы уақыт шығындарына қатысты басымдықты атап өтеді.

Келіссөздер жүргізгеннен кейін осы жүйемен сүт өндірісі белсенді түрде дамып келе жатқан ШҚО аудандарын жарақтандыру жоспарланып отыр. Ол Шемонаиха, Ұлан және Глубоковский аудандары.  

Қазіргі уақытта қаржы институттары мен ғалымдарды тарту бойынша барлық мәселелер талқылануда. «KazAgroGreen» ЖШС гидропонды жүйелері Жапония мен АҚШ тәжірибесі негізінде жасалған. 


Back to the list