• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда 2017 жылғы 1 қыркүйекте жаңа жоғары технологиялық биржа іске қосылады – АХҚО 30.11.2016

«2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап бізде жаңа жоғары технологиялық биржа іске қосылады. Біз Astana Innovation, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, белгілі бір тұғырнамаларды жаңа «Блокчейн» тәсілдерімен әзірлейміз. Тағы бір айта кететін маңызды жайт, осы биржада «Самұрық-Қазына» компаниясының жекешелендіруі өтеді. Ал «Самұрық-Қазына» компаниясы – бұл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 40 пайызға жуығы. Және келесі жылы жаңа тәуелсіз қаржы соты, жаңа арбитражды орталық құрылады. Осының барлығы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап толық жұмыс істей бастайды», - деп хабарлады Қ. Келімбетов.

Сондай-ақ АХҚО басқарушысы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап халықаралық қаржы орталығының қатысушылары үшін компанияларды тіркеу ашылатынын атап өтті.  

«Олар жеңілдіктерге ие болады, ол оңайлатылған және визалық, еңбек режимі, 50 жылға салықтан босату, егер олар бейінді қызмет түрлерімен айналысса – ол капиталдар нарығы, активтерді басқару, жаңа қаржы технологиялары», - деп атап өтті Қ. Келімбетов.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list