• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жаңа технологиялық шешімдер елорда тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталады – Исекешев 25.11.2016

«Астана тұрғындары 90-шы жылдардағы 280 мың адамнан 1 миллион адамға дейін өсті. Астананың ЖІӨ-сі 18 жыл ішінде 180 есе өсті, ШОБ субъектілерінің саны 100 адамға жетті. Шетелдік туристердің саны 90-шы жылдардағы 5 мыңнан 273 мыңға дейін өсті», - деді Астана әкімі Әсет Исекешев.

Ол көптеген мәселелердің жаңа технологиялық шешімдердің көмегімен шешілетінін мәлімдеді.

«Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – Smart-Астана. Кез келген жаһандық мегаполис Smart-технологияларсыз тиімді дами алмайды. Біз тиімді тұжырымдама әзірлеп, басым бағыттар мен жобаларды айқындадық», - деді астана әкімі.

Жыл соңына дейін 30 млн теңге үздік инновациялық компанияларға бөлінеді.

30 қарашада ҚР АКМ Астана әкімдігімен бірлесіп ұйымдастыратын Астана Smart-city халықаралық форумы өтеді. 


Back to the list