• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан соңғы тұтынушы үшін ғарыштық қызметтер ауқымын дамытуда – Атамқұлов 21.11.2016

Семинарға қатысушыларды ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов құттықтап, Президенттің Қазақстанның ғарыш саласын құру бойынша қойған тапсырмасының маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылған болатын. Оның басты міндеттерінің бірі ғарыш қызметін дамыту болып табылады», - деді министр.

Сондай-ақ, Бейбіт Атамқұлов министрлік Қазақстанның ғарыштық өнімдер мен қызметтерін сенімді жеткізуші болатынын да атап өтті.

Министр Астанада ғарыштық аппараттар құрастыру-сынақтан өткізу кешенін салынып жатқанын, ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер сәтті дамып келе жатқанын айтып өтті.

«Қазақстандағы ғарыш күндері - 2016» халықаралық семинарына 400-ден астам адам қатысуда. 


Back to the list