03.11.2016
Іс-шараға Қазақстанның денсаулық сақтау және фармацевтикалық салаларының ардагерлері, ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің, Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Ситуациялық-талдау орталығының негізгі функциялары – медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және жеткізу жөнінде ақпарат жинау және талдау.
Ситуациялық-талдау орталығында дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы ақпараттың топтасуы нақты уақыт режимінде жұмыстың негізгі көрсеткіштері бойынша мәліметтердің өзектілігін; жоспарлау мен болжаудың сапасын; басқару шешімдерін қабылдау тиімділігін арттыруға; талдау материалдарын дайындау жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2017 жылы Ситуациялық-талдау орталығы ақпараттық жүйесін денсаулық сақтау және Электрондық үкімет порталының ұқсас жүйелерімен интеграциялау жүзеге асырылады.