02.11.2016



«Қауымдастықтың бастамасы бойынша өткен жылы «KazBrand» бағдарламасы әзірленген болатын, онда біз қазақстандық брендтерді ішкі және сыртқы нарықтарда ілгері жылжыту бойынша түрік тәжірибесін пайдаланған едік, енді бүгін 1500 шаршы метрді алатын алаңда отандық тауар өндірушілер орын алған», - деді ҚР ҰКП жеңіл өнеркәсіп кіші комитетінің төрағасы Любовь Худова.




Оның айтуы бойынша, бірінші кезекте, жаңа жұмыс орындарын аша отырып, ел халқын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін өз өндірушілеріміз туралы ойлау қажет.



«Жобаның іске асырылуы жеңіл өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарының өнім өндіру көлемдерінің ұлғаюына, қосымша жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.



Осы сауда орны әрқайсысы жеке сектор үшін жауап беретін бірнеше сатушы жұмыс істейтін жалпы алаңды көздейді. Сауда алаңы өндірушілерге жалдау, жарық, күзет және тіпті жинау жағынан бірнеше есе үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта алаңда 21 отандық өндіруші жұмыс істейді. Жуық арада сауда алаңында 100-ден астам отандық бренд орналастырылады деп жоспарлануда.





«Бұл жерде бәрі ортақ: ортақ сатушылар, ортақ жарық, ортақ күзет, тазалау, әрбір секторда бір-бір сатушыдан, ал секторлар алуан түрлі. Мұнда аяқ киім де, спорттық киім де, ерлерге арналған киімдер де, үй заттары да және т.б. бар», - деді Л. Худова.



Баға жағына келетін болсақ, ол біздің нарыққа келіп түсетін өніммен салыстырғанда бәсекеге қабілетті. Мысалы, біздің өндірушіде пальто бағасы 20-35 мыңның маңайында өзгеріп отырса, қымбат бутиктердегі дәл осындай пальто 100 мың теңге тұрады, ал сапасы төмен.


Мемлекет басшысы еліміздегі өңдеу өнеркәсібіне үлкен көңіл бөліп жатқаны белгілі, ол үшін мемлекетте барлық қажетті құралдар бар.


«Жеңіл өнеркәсіп басқа елдермен салыстырғанда зор бәсекелі басымдықтарға ие. Жалпы, Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде статистика бойынша отандық өндірістің 1524 компаниясы бар, оның 90%-ын шағын кәсіпорындар құрайды», - деп атап өтті ол.




Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда өндіріс көлемінің өсуі байқалады, мысалы, егер 2015 жылды 2014 жылмен салыстыратын болсақ, өндіріс көлемі 7%-ға өскен.
Егер 2016 жылғы 8 ай ішіндегі өндіріс көлемдерін 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстыратын болсақ, өндіріс көлемінің өсуі 22%-ды құраған, яғни біз осы бағытта едәуір өсуді көре аламыз.



Өз кезегінде, Л. Худова өндірістің дамуына «БЖК 2020», «Экспортер 2020», «Өнімділік 2020» және бірқатар басқа бағдарламалар шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары едәуір жәрдемдесетінін атап өтті.
«Көптеген компаниялар осы ресурсты пайдаланды, өз өндірістерін жаңартты және бүгін барлық кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи жабдық бар, бұл өнімділікті арттыруға, жұмыс орындарын ашуға және өндіріс көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді сарапшы.


Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай тұрақты жұмыс істейтін көрме павильондары компания мен брендтің танымалдылығын 45%-ға арттырады, бұл сату көлемдерін - 57%-ға, ал экспорттық әлеуетті 28%-ға арттырады.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, жобаға қатысушылар келесі жылы «ЭКСПО-2017» көрмесі уақытында таныстырылады. «Қазақстанда жасалған - Халық Маркасы» павильоны астананың туристік картасына кіреді, бұл сауда орталығына келушілердің санын арттыруға мүмкіндік береді.
Индира Қауметова
Сурет Азамат Әлиев