• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қ. Келімбетов: Қазақстан үшін ЖЭК пайдалану – жаңа деңгей 27.10.2016

«Біз «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ төрағасымен баламалы энергия көздеріне арналатын халықаралық көрменің болашақ дамуын талқыладық. Біз минералды ресурстарға тәуелді ел болғандықтан, Қазақстан үшін бұл мүлде жаңа ережелер, бірақ Қазақстан өнеркәсіпті түрлендірумен айналысады, баламалы энергия көздерін дамытады», - деді Қ. Келімбетов.

Ол оның Үкімет жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Біз Астанада жаңа экожүйенің құрылуын асыға күтеміз», - деп қосты Қ. Келімбетов.

Сондай-ақ, ол ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін көрме инфрақұрылымы «Астана» халықаралық қаржы орталығының бөлігіне айналатынын да еске салды.

Еске сала кетейік, Астанада NEWENERGY global startup fest өтуде, бұл – баламалы энергетика және «жасыл экономика» саласындағы стартап-компаниялардың халықаралық байқауы.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list