15.10.2016
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, Қазақстан аумағында жапондық әріптестердің қатысуымен инвестициялық және инновациялық жобаларды кеңейту болашағын талқылады.
Х. Сэко Жапонияда Қазақстанмен, әсіресе жоғары деңгейдегі саяси байланыстарға маңызды көңіл бөлінетінін атап өтті. Оның пікірі бойынша, біздің елдеріміздің арасындағы сенімді қарым-қатынастар екіжақты экономикалық диалогты қарқындату және қазақстандық-жапондық стратегиялық әріптестікті дамыту үшін негіз болып табылады.
Елші жапондық министрді «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын іске асыру шеңберіндегі әлеуметтік-экономикалық даму, шетелдік инвесторлар үшін ұсынылатын жеңілдіктер мен Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпараттандырды.
Тараптар кездесу қорытындылары бойынша Қазақстандағы болашағы бар жаңа жобаларды жапондық озық технологияларды қолдана отырып іске асыру мақсатында тығыз өзара іс-қимыл жасауды жалғастыру туралы келісті.