08.10.2016
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара ғылым және техника, ғылыми-техникалық өнерді дамыту, педагогтерді кәсіби түрде дамыту бойынша робототехника бойынша оқыту бағдарламаларын енгізу мәселелеріне назар аудартады.
«Біз үші жыл қатарынан олимпиада өткізіп жатырмыз. Тұңғыш рет Қазақстанда 2014 жылы аталмыш шара ұйымдастырылды. 11 қыркүйекте өңірлік кезеңдер өткізілді, онда робототехника саласы бойынша үздік оқушылар іріктеліп алынды. Республикалық сайыста қатысушылар жас бойынша 8 санатқа бөлінді.Олардың жасы 9-дан 25 жасқа дейін», - деді олимпиаданың бас әділқазысы Азамат Биданов.
«Жыл өткен сайын олимпиаданың тақырыбы өзгеріп отырады. Биылғы жылдың тақырыбы - қалдықпен күресу. Қатысушылардың барлық жұмыстары осы салаға арналады. Мәселен, қалдықтарды реттеу мен өңдеу жөнінде жұмыстар ұсынылады», - деді ол.